2023 жылдың екінші тоқсанында (сәуір-маусым) өңдеу өнеркәсібіне 586 млрд теңге инвестиция тартылды. Инвестицияның ең көп көлемі металлургия өндірісіне (211,3 млрд теңге), химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру (83,7 млрд теңге) және тамақ өнімдерін өндіру (62,5 млрд теңге) салаларына тартылған.
Өңірлік бөліністе инвестициялардың ең үлкен көлемі Қарағанды облысына (133,3), Павлодар облысына (77,4 млрд) және Атырау облысына (55,4 млрд) бағытталды.
2023 жылдың алты айында өңдеу өнеркәсібі саласында 10,6 трлн теңгеге өнім өндірілді (2020 жылдың ұқсас кезеңінде - 9,9 млрд). Ең көп өнімді металлургия кәсіпорындары шығарды.
Экспорт көлемі 2023 жылдың бес айының қорытындысы бойынша $10,1 млрд құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде - $ 9,8 млрд). Экспортқа ең көп өнім көлемін металлургиялық кәсіпорындар ($ 5,3 млрд), азық-түлік өнімдерін ($ 876,5 млн) және кокс және мұнай өңдеу өнімдерін ($ 793,5 млн) өндіретін кәсіпорындар жіберді.