«QazIndustry» АҚ ТМК және химия саласын дамыту және Бизнесті ынталандыру дирекцияларының өкілдері "Астана - жаңа қала" АЭА аумағындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарға барып, полиэтилен құбырлары мен асфальт өндірісімен танысты. Мамандар мемлекет тарапынан өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін көрсетілетін қолдау шаралары туралы айтып, кәсіпорындарға шығындарының бір бөлігін өтеу түріндегі мемлекеттік ынталандыру шаралары жөнінде кеңес берді.
Бірінші барған нысан «Kerim Plastic Pipes» ЖШС болды. Полиэтилен және металл жылу оқшаулағыш құбырлар зауыты 2019 жылы іске қосылды. Қазір мұнда 45 адам жұмыс істейді. Зауыттың қуаттылығы-жылына 1000 тонна өнім.
«Біз газбен жабдықтау және сумен жабдықтау жүйелеріне арналған полиэтилен құбырларын шығарамыз. Өндірісте негізінен жаңа неміс жабдықтары пайдаланылады. Шикізатты Ресейден сатып аламыз және ішкі нарық үшін жұмыс істейміз»,- дейді «Kerim Plastic Pipes» ЖШС директорының орынбасары Қайрат Ибраев.
Содан кейін QazIndustry өкілдері «КазМеталлоСнаб» ЖШС асфальт өндіру зауытында болды. Кәсіпорын сағатына 175 тонна өнім өндіруге қабілетті. Зауыт өнімі көптеген маңызды Республикалық трассаларды салу үшін пайдаланылады.
Келесі барған кәсіпорын «СнабГруппКонтинент» минералды ұнтақ өндіретін зауыт. Мұндай ұнтақты асфальт-бетон қоспаларына оларды берік ету үшін қосады. Минералды ұнтақтар әртүрлі материалдарды ұсақтау арқылы алынған тас шаңы түрінде болады.
Зауыт өкілдерінің айтуынша, «СнабГруппКонтинент» - Астанада минералды ұнтақ өндіруді бастаған алғашқы кәсіпорын. Бүгінгі күні өндіріс қосымша жабдықтар мен техниканы қажет етеді. Бұл мәселелерді шешу жолы ретінде «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдалануды ұсынды.
«Біз өнеркәсіптік кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған шығындарының бір бөлігін өтейміз. Мұндай мүмкіндікті жүздеген қазақстандық кәсіпорындар пайдаланып үлгерді. Өтінімдер онлайн түрде беріліп, барынша қысқа мерзімде қарастырылады. Бірінші жартыжылдықта біздің орталық 186 миллион теңгеге кәсіпорындардың шығындарының бір бөлігін өтеді. Біздің кеңсеге келіңіздер, барлығын толықтай түсіндіріп береміз»,- А.Сағиев.
Естеріңізге сала кетейік, аптаның әр бейсенбі күні Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы, 4-қабат (сағ.9.00-17.30 дейін; түскі үзіліс 12.30-14.00) мекенжайындағы QazIndustry кеңсесінде өнеркәсіптік кәсіпорындар мемлекеттік ынталандыру мәселелері бойынша мамандардан жеке консультациялар ала алады. Кеңес беру үшін оnline форматта қарастырылған.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша +7 778 171 24 66, +7 708 554 83 37. байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.