Ағымдағы жылдың жеті айында елде 1450 бірлік автобус өндірілген. Өткен жылғы сәйкес кезеңде бұл көрсеткіш 618 бірлік болған.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы автобустардың негізгі өндірушілері "QazTechna" ЖШС (Сарань, Қарағанды облысы), "Hyundai Trans Auto" ЖШС (Алматы) және "Daewoo Bus Kazakhstan" ЖШС (Семей) болып табылады