2023 жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша жиһаз өнімдерін тұтынудың ішкі нарығы $ 236 млн құрады. Оның ішінде отандық тауар өндірушілер өнімінің үлесі 35% - құрайды. Өткен 2022 жылғы сәйкес кезеңде бұл көрсеткіш - 26% болған.
Өндірістік көлемдердің ұлғаюы келесі көрсеткіштердің өсімімен байланысты: ас үй жиһазы - 27,4% - ға (56,9 мың данаға дейін); өзге де жатын бөлмеге арналған ағаш жиһаздар (кереуеттер мен шкафтардан басқа) - 21,7% - ға (24,3 мың данаға дейін); металл қаңқасы бар арнайы отыруға арналған жиһаз-17,1% - ға (531,7 мың данаға дейін).
Есепті кезеңде қазақстандық кәсіпорындар экспортқа $6,3 млн жиһаз өнімдерін жіберген. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69% - ға артық.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаңтар-маусым айларында ТМД елдеріне жиһаз экспортының үлкен көлемі тіркелді