Qazindustry өкілдері 28-31 тамыз аралығында Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарына ("ВФ Поиск" ЖШС, "SMBgroup Family" ЖШС) және Ақмола ("ENKI" ЖШС) барады. Сапарлардың мақсаты технологиялық процестерді цифрландыру стратегиясы үшін ұсынымдар әзірлеу.
Естеріңізге сала кетейік, жүргізіліп жатқан жұмыстар өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағымдағы жай-күйін талдауды, жаңғырту процесінің егжей-тегжейлі сипаттамасын, отандық цифрлық шешімдер пулын, цифрлық жол карталарын, сондай-ақ мемлекеттік ынталандыру құралдарының қолданыстағы шараларын түсіндіруді қамтиды.
Бұған дейін QazIndustry цифрлық трансформация дирекциясы ҚР ИИДМ қолдауымен өнеркәсіптік кәсіпорындарда IT - шешімдерді енгізу арқылы өнеркәсіптік сектордың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға бағытталған пилоттық жобаларды енгізуге бағытталған.