Qazindustry өкілдері Қостанай облысының «Пластокно-Қостанай» ЖШС, «Варваринское» АҚ, «ЕВРАЗ Каспиан Сталь» ЖШС өнеркәсіптік кәсіпорындарына барды. Кезекті іс-сапардың негізгі мақсаты технологиялық процестерді цифрландыру стратегиялары үшін ұсыныстар әзірлеу болды.
Сапар қорытындысы бойынша сарапшылар кәсіпорындардың жай-күйіне және оларды жаңғырту деңгейіне талдау жүргізіп, цифрлық жол карталарын іске асыру және отандық цифрлық шешімдер пулын қалыптастыру мәселелерін күн тәртібіне шығарды.
Сонымен қатар, PcVue Solutions және Profi Soft компанияларымен бірлесіп өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау және мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша шеберлік сыныптары өткізілді. Кездесуге қатысушылар өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау саласындағы озық инновациялармен және шешімдермен танысып, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды.
Ұйымдастырушалар аталған іс-шаралардың өнеркәсіп өкілдері мен IT-компаниялар арасында тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда ынтымақтастық пен цифрлық трансформацияны дамыту жолдарын іздеуге арналған платформаға айналғанын атап өтті.