Елімізде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталуда

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда.

Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін  қабылданады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты; 

Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;

Сыртқы саясат және инвестициялар;

Экономикалық және қаржылық саясат;

Цифрландыру;

Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;

Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

- Құжаттарды қабылдау;

- Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;

-Ситуациялық тапсырмаларды шешу;

- Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);

- Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;

- Ұлттық комиссия отырысы.

Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады.

 

Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады».