Шығындардың бір бөлігін өтеуге 49 өтінім түсті, оның ішінде:
- 1 өтінім бойынша өтеу туралы шешім қабылданды;
- 33 өтінім бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің мүмкін еместігі туралы шешім қабылданды.
Өтеудің жалпы сомасы 992 500 теңгені құрайды.
Ақпараттық-кеңестік іс-шаралар шеңберінде 2023 жылы қаңтар-мамыр айында:
- өндірістік-инновациялық қызмет субъектілеріне (кіріс телефон қоңыраулары) еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша 186 ауызша консультация өткізілді;
- «QazIndustry» АҚ республиканың келесі өңірлерінде: Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Шымкент қалаларында өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін қоғам көрсететін «өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбына 11 семинарлар ұйымдастырды;
Бұдан басқа, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, Маңғыстау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Батыс Қазақстан облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Қазақстанның фармацевттік және медициналық өнім өндірушілер қауымдасты» заңды тұлғалар бірлестігі, Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы, АЭА «Qyzylzhar», «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ - мен бірлесіп Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін 6 вебинарлар өткізілді.
Мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша құрылған WhatsApp (222 қатысушы), Telegram (623 қатысушы) мессенджерлеріндегі чаттарда консультация беру бойынша жұмыс жалғасуда, онда бизнес өкілдері тұрақты және жедел негізде сұрақ/жауап режимінде егжей-тегжейлі консультация алады.