Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегі күні Атырауда QazIndustry өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру бойынша тегін семинар өткізеді. Сарапшылар кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін қалай өтеуге болатындығы туралы ақпарат беріп, кәсіпкерлердің мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға өтінімдер беру кезіндегі қандай қателіктер жіберетінін түсіндіреді.
Семинар Атырау облысы әкімдігінің ғимаратында, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 мекенжайы бойынша өтеді. Басталуы-сағат 15.00-де.
QazIndustry Атырау облысының кәсіпкерлерін іс-шараға қатысуға және отандық өнеркәсіпті қолдау туралы толық ақпарат алуға шақырады.