2023 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнай-газ машина жасау өнімдері экспортының көлемі төрт есеге жуық өсіп, $78,9 млн жетті (2022 жылдың бірінші жартыжылдығында - $19,9 млн).
Осы жылдың қаңтар-маусымында мұнай-газ машина жасау секторының өнімдері экспортының 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ең үлкен өсімін келесі тауар топтарында атап өтуге болады:
- «Орталықтан тепкіш бір сатылы сорғылар» - 80,1 есе ($63,5 мыңнан $5 132,7 мыңға дейін);
- «Құбырларға, қазандықтарға, резервуарларға, цистерналарға, бактарға және редукциялық және терморегуляциялық клапандарды қоса алғанда, ұқсас сыйымдылықтарға арналған крандардың, клапандардың, вентильдердің және ұқсас арматураның бөліктері» - 17,5 есе ($291,4 мыңнан $ 5 112,6 мыңға дейін);
- «Жылыту жүйелері мен ыстық сумен жабдықтау үшін герметикалық орталықтан тепкіш сорғылар» - 36,3 есе ($138,1 мыңнан $5 014,8 мыңға дейін).
Қазақстан аумағында осы тауарлардың өндірушілері «Силумин-Восток», «Венчурлық фирма «ПОИСК», «ПетроМашЗавод», «Завод КазАрматура», «МБМ-Кировец», «KARLSKRONA LC AB» және басқа да компаниялар болып табылады.