Qazindustry мамандары 11-16 қыркүйек аралығында Павлодар облысының («Arinvest energy» құбыр оқшаулау зауыты және «Қазмұнайхим» ЖШС), Шығыс Қазақстан («Востокмашзавод» ЖШС) және Абай («Семей механикалық зауыты» және «Силикат» ЖШС) облыстарының өнеркәсіп кәсіпорындарына барады. Іс-сапарлардың мақсаты технологиялық процестерді цифрландыру стратегиялары үшін ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, жүргізіліп жатқан жұмыстар өнеркәсіптік кәсіпорындардың жай-күйін талдауды, жаңғырту процесінің егжей-тегжейлі сипаттамасын, отандық цифрлық шешімдер пулын, цифрлық жол карталарын, сондай-ақ мемлекеттік ынталандыру құралдарының шараларын түсіндіруді қамтиды.
Бұған дейін «QazIndustry» АҚ Цифрлық трансформация дирекциясы бейінді министрліктің қолдауымен өнеркәсіптік кәсіпорындарда IT - шешімдерді енгізу арқылы өнеркәсіптік сектордың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға бағытталған пилоттық жобаларды енгізу бойынша жаңа бастаманың іске қосылғаны туралы хабарлаған болатын.