28-30 қыркүйекте Алматыда «Атакент» көрме орталығында Central Asia Plast World (ұйымдастырушысы – «Central Asia Trade Exhibitions» ЖШС) пластмасса индустриясының 15 - ші халықаралық көрмесі өтеді. Іс-шараға Ресей, Австрия, Германия, Үндістан, Иран, Италия, Тайвань, Қытай және т.б жалпы саны 15-тен астам елдің өкілдері қатысады деп күтілуде.
Көрме жаңа технологиялар мен жабдықтар, соның ішінде пластмасса өндіруге арналған жабдықтар, полимерлердің әртүрлі маркалары, қалыптар, 3D-басып шығару, аддитивті өндіріс, гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, резеңке орау және т.б. бойынша талқылау және тәжірибе алмасу үшін диалог алаңы болып табылады. Сондай-ақ шикізат компоненттері, қоспалар мен суперконцентраттар, қосалқы материалдар, ҚТҚ өңдеу бойынша технологиялар ұсынылатын болады.
Central Asia Plast World көрмесі қатысушыларға іскерлік байланыстар саласын кеңейтуге және тікелей шарттар жасасуға мүмкіндік береді.
Көрмеге «QazIndustry» АҚ өкілдері де қатысады. Мамандар қатысшуларға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы түсіндіретін болады.
Көрменің ресми серіктестері ретінде «Мұнай-газ-химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы» және «Қазақстан химия өнеркәсібі одағы» ЗТБ, Пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындар желісі PlastNet, «РУПЛАСТИКА» пластмассалар мен Каучуктардың халықаралық мамандандырылған көрмесі, «Тараз химиялық паркі» АЭА, «Даму» кәсіпкерлік қоры, «Хим-Курьер» агенттігі, «Мамандық» білім беру бағдарламалары орталығы, «Пластикс» журналы көрсетілген.