QazIndustry өкілдері «Samhat» аяқ киім фабрикасы» ЖШС болып, өндірістің жұмысымен танысып, мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мұнда әскери құрылымдарға арналған былғары аяқ киім, жұмыс және күнделікті аяқ киім (ерлер, әйелдер және балалар) шығарылады. Кәсіпорында 50-ден астам адам жұмыс істейді.
Аяқ киім фабрикасы 2008 жылы құрылған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 500 мың жұп былғары аяқ киім шығаруға мүмкіндік береді. Өндірісте табиғи былғары, экологиялық таза материалдар және отандық және импорттық өндірістің компоненттері қолданылады.
Samhat фабрикасы бүгінгі күнге дейін де ынталандыру шараларын алу үшін мемлекеттің көмегіне жүгінген. Өз кезегінде QazIndustry өкілдері өнімділікті арттыруға немесе өнімді ішкі нарыққа жылжытуға арналған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік ынталандыру шараларының шарттары мен тетіктерін түсіндірді.
Кәсіпорын басшылығы қолдаудың осы түріне қызығушылық білдіріп, мемлекеттік ынталандыру отандық өндірушілерге өз бизнесін дамытуға және экспортқа шығуға көп көмектесетінін атап өтті.