Мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша консультацияларды тек QazIndustry өкілдерінен алуға болады

Бизнес және өнеркәсіптік кәсіпорындары өкілдерінің назарына! «QazIndustry» АҚ аптаның әр бейсенбісі күні мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша ашық есік күндерін өткізеді.

Мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша консультацияларды тек QazIndustry өкілдерінен тегін ешқандай делдалдарсыз алуға болатынын хабарлаймыз.

Егер сіздерге өзін «Qazindustry» АҚ атынан таныстырып және ақылы негізде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша қызметтер көрсетуді ұсынса, онда сіз алаяқтыққа тап болдыңыз. Мұндай жағдайларда QazIndustry Комплаенс-қызметіне +7 (7172) 79 33 90 немесе 79 33 99 (ішкі. 1055) хабарласыңыз.

Естеріңізге сала кетейік, ашық есік күндеріне Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы, 4-қабат мекен-жайы бойынша қатысуға болады (әр бейсенбі, сағат 9.00 - ден 17.30-ға дейін; түскі ас-12.30-дан 14.00-ге дейін).

Сондай-ақ, ZOOM платформасында оnline – форматы да қарастырылған.

Ашық есік күндеріне қатысу шарттары туралы келесі сілтеме арқылы білуге болады https://qazindustry.gov.kz/ru/article/2625-den-otkrytykh-dverey-kazhdyy-chetverg

Мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға байланысты барлық мәселелер бойынша «QazIndustry» АҚ-на тікелей +7 778 171 2466, +7 708 554 8337, + 7 701 999 6986 байланыс телефондары арқылы немесе электрондық a.adilsultani@qazindustry.gov.kz поштасына хабарласуға болады.