Шығындардың бір бөлігін өтеуге 79 өтінім түсті, оның ішінде:
- 4 өтінім бойынша өтеу туралы шешім қабылданды;
- 51 өтінім бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің мүмкін еместігі туралы шешім қабылданды.
- 17 бойынша толық емес өтінім
- 75 өтінім жұмыс барысында
Өтеудің жалпы сомасы 1,5 млн теңгені құрайды.
Ақпараттық-кеңестік іс-шаралар шеңберінде 2023 жылы қаңтар-шілде айында:
- өндірістік-инновациялық қызмет субъектілеріне (кіріс телефон қоңыраулары) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша 259 ауызша консультация өткізілді;
- Қолдау құралдарын ұсыну шарттары мен тетіктері бөлігінде мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін мемлекеттік ынталандырудың жаңа шаралары бойынша 5 іс шара өткізілді.
«QazIndustry» АҚ республиканың келесі өңірлерінде: Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Шымкент және Алматы қалаларында өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін қоғам көрсететін «өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбына 12 семинарлар ұйымдастырды;
Бұдан басқа, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, Маңғыстау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Батыс Қазақстан облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Қазақстанның фармацевттік және медициналық өнім өндірушілер қауымдасты» заңды тұлғалар бірлестігі, Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы, АЭА «Qyzylzhar», «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ - мен бірлесіп Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан Қарағанды, Абай, Алматы, Жетісу, Шығыс-Қазақстан, Солтүстік – Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарының және Астана, Алматы қалаларында өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін 15 вебинарлар өткізілді.
«QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру бойынша 11 іс-шара өткізілді (Ашық есік күндері, өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен бастамашыл кездесулер) және 10 іс-шараға қатысты ( конференциялар мен форумдар).
Мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша құрылған WhatsApp (222 қатысушы), Telegram (623 қатысушы) мессенджерлеріндегі чаттарда консультация беру бойынша жұмыс жалғасуда, онда бизнес өкілдері тұрақты және жедел негізде сұрақ/жауап режимінде егжей-тегжейлі консультация алады.