2023 жылғы қаңтар-шілде айларында резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру көлемі 248,9 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңдегі көрсеткіштен 15,7% - ға жоғары.
Аталмыш кезеңде резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде негізгі үлесті пластмасса плиталар, табақтар, құбырлар мен профильдер (41,6%), құрылыс пластик бұйымдары (19,4%), өзге де пластик бұйымдар (17,3%), тауарларға арналған пластик қаптамалар (15,6%), өзге де резеңке бұйымдар (6,1%) құрады.
Сонымен қатар есептік кезеңде өнімдердің нақты көлем индексі 108 % құраған. Өндіріс көлемінің заттай көріністегі ең үлкен өсім көрсеткен өнімдер бұл полиэтиленнен жасалған қаптар мен сөмкелер (+0,9%), пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер, шлангілер және олардың фитингтерінің (1,6%) өндірісі. Бұл аталған өнімдердің өсуі негізінен тұтынушылық сұраныстың артуымен байланысты.
Резеңке және пластмасса өнімдерінің экспорты 2023 жылдың қаңтар-маусымында 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 есеге ұлғайып, $193,2 млн құрады.
Резеңке және пластмасса тауарларының импорты $ 1 211,8 млн құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,4% - ға артық.
2023 жылғы қаңтар-маусымда резеңке және пластмасса бұйымдары нарығының көлемі $ 1486,9 млн (667,4 млрд теңге) құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 18,7% - ға артық.
Өндірістің өсуіне қарамастан (+12,1%) ОТӨ үлесі 10 т. төмендеді және 18,5% құрады, бұл ең алдымен импорттың өсуімен (+35,4%) және ұлттық валюта бағамының өсуімен (+1,4%) байланысты. Импорттық өнімнің үлесі 81,5% құрады.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде резеңке және пластмасса бұйымдарын өндірудің ең көп көлемі Алматы облысында (22%), Астана (20%) және Алматы (12%) қалаларында, Қарағанды облысында (8%), Шымкент қаласында (6%) байқалды.