Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні Астанада «Индустрия 4.0: ақылды өнеркәсіптік өндірістің озық тәжірибелері» тақырыбында халықаралық «Цифрлық трансформация» іс-шарасы өтеді. Шараны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ «Цифрлық экономика» ұйымымен бірлесіп ұйымдастырады.
Стратегиялық сессия «Иннопром» өнеркәсіптік көрмесі шеңберінде өткізіліп, тау-кен металлургия кешені, машина жасау мен өңдеу өнеркәсібі тақырыптары қамтылады.
Қатысушылар келесі негізгі мәселелерді талқылайды:
- Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрлық трансформациялаудың ағымдағы жағдайы мен басым жобалары;
- Ірі компанияларды цифрландырудың кешенді тәсілі, әлемдегі және Ресейдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландырудың мысалдары;
- Өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрлық трансформациялау үшін оларды қолданудың технологиялары мен кейстері.
Іс-шараға мемлекеттік сектордың (Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі) және технологиялық компаниялардың өкілдері - IDS Metra Robotics, «1С» фирмасы, «СИБУР-Диджитал» ЖШҚ», «Green Mind» ЖШС, «Цифра» МК және тағы басқалар қатысады.
Сонымен қатар, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, IT-компаниялардың басшылары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, даму институттарының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ғылыми және сараптамалық қоғамдастығының өкілдері аталмыш іс-шараға қатысуға шақырылады.
Бағдарлама және шараға тіркелу келесі сілтеме бойынша: https://digital-economy.timepad.ru/event/2582111/