QazIndustry сенбілікке қатысты

16 қыркүйекте QazIndustry ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты. Индустрия және экспорт орталығының өкілдері "Абу-Даби Плаза" кешенінің жанындағы саябақтың аумағын ретке келтіріп, саябақты қураған жапырақтар мен қоқыстардан тазартты.

QazIndustry өкілдері атап өткендей, бұл олардың жалпы қалалық тазалықты сақтауға қосқан үлесі және азаматтық парызы деп санайды.