14 қыркүйекте «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясы басшысының орынбасары Айсұлу Жалмурзина Атырау облысының өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру бойынша семинар - кеңес өткізді. Кездесу өңірлік Кәсіпкерлік және туризм басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шара барысында QazIndustry өкілі өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктері туралы айтты.
Кездесуге Атырау облысының 30-дан астам кәсіпкерлері мен өнеркәсіп өкілдері қатысты. Олар мемлекеттік ынталандыру және кәсіпорындардың шығындарын өтеу туралы сұрақтарына толық жауап алды.
Естеріңізге сала кетейік, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға өтінімдерді қабылдау www.qazindustry.kz порталы арқылы жыл көлемінде жүргізіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 79 33 90 (ішкі. 444) хабарласуға болады.