ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, отандық өнеркәсіпті танымал ету және қазақстандық тауарлардың имиджін арттыруға бағытталған «Отандық өндіріс» медиа-жобасын іске қосады.
Медиа-жоба шеңберінде электрондық және баспа БАҚ өкілдері, блогерлер, сондай-ақ өнеркәсіп талдаушылары мен қоғамдық пікір көшбасшылары үшін арнайы баспасөз турларын ұйымдастыру жоспарлануда.
2023 жылдың аяғына дейін баспасөз турларына қатысушылар Алматы және Шымкент қалаларының, Түркістан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарының өнеркәсіптік кәсіпорындарына (тоқыма кәсіпорындары, жиһаз шығару бойынша, ірі өнеркәсіптік зауыттар, оның ішінде Кентау трансформаторлық және «KamaTyresKZ» ЖШС) барады.
Бұдан басқа, жеңіл өнеркәсіп, ауыр машина жасау, электротехника, түсті металлургия, химия, құрылыс және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары туралы материалдар (сюжеттер) циклі дайындалады.
"Отандық өндіріс" жобасының негізгі мақсаты Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының оң тәжірибелерін көрсету, отандық тауарлар мен қызметтердің имиджін жақсарту, елішілік құндылық идеяларын насихаттау, республикадағы кәсіпкерлікті танымал ету.
Осы бағыттағы алғашқы баспасөз турын өткізу а,ж. 21 қыркүйек күні Алматы қаласында өткізу жоспарланған. Қатысушылар жеңіл өнеркәсіп бағытындағы екі кәсіпорынға барады - "ҚазСПО-N" спорттық костюмдер тігу бойынша және "Қазлегпром-Алматы" киім және аяқ киім өндіріс орнына барады.
Өңірлердегі баспасөз турлары бойынша анонстар облыстық және қалалық әкімдіктерінің сайттарында жарияланатын болады. Жазбаларды қадағалап отырыңыздар!
Әлеуметтік желілерде жобаны ақпараттық қолдау #Отандықтөндіріс хэштегі арқылы жарияланатын болады.
Жобаға қатысу үшін «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығына 87752244836 (Дархан) байланыс телефоны арқылы немесе d.zhumadilov@qazindustry.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша хабарласуға болады.