Цифрлық трансформация тақырыбындағы вебинарлар жалғасады

 

"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен ағымдағы жылдың 25 қыркүйек пен 9 қазан аралығында цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бағыты бойынша тегін оқыту вебинарларын өткізеді. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері мен топ-менеджерлерін аталмыш оқыту вебинарларына қатысуға шақырамыз. Вебинарлардың негізгі мақсаты Индустрия 4.0 тұжырымдамасы және цифрлық технологияларды енгізу туралы түсініктерді қалыптастыру, сондай-ақ сарапшылармен пікір алмасу және өндірісте цифрлық трансформация құралдарын қолданудағы өзекті мәселелерін талқылау болып табылады. Вебинарлар барысында мамандар өнеркәсіпті цифрландыру бағыты бойынша мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толық ақпарат беретін болады. Өндірістік ортаға цифрлық шешімдерді енгізудің практикалық тәжірибелерімен және табысты кейстерімен "Professional business consulting" ЖШС (Қазақстан), "ВЕГ Орталық Азия" ЖШС, Digital Twins Engineering, "Жаһандық робототехникалық жүйелер" ЖШС, "Green Mind"ЖШС. сияқты халықаралық және отандық компаниялар бөлісетін болады. Оқыту бейнеконференция форматында (Zoom платформасында) өтеді.

Тіркелу үшін келесі сілтеме бойынша нысанды толтыру қажет: https://forms.gle/rML8jTWWc6ZJo7ZA9. 

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыз: 8 (7172) 79-33-90 (ішкі. 1075, Абай Мукушкин) 8-707-522-14-95.