Qazindustry Комплаенс-қызмет орталығының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс сабақтары өтті. Аталмыш дәрістер жүйелі түрде әр тоқсан сайын өткізілетін түсіндіру және оқыту іс-шаралары шеңберінде ұйымдастырылып отыр.
Ақпараттық технологиялар, цифрлық трансформациялау, деректерді өңдеу және талдау дирекциясының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мүдделер қақтығысын болдырмау және оларды шешу жолдарын қарастырып, сондай-ақ қаржылық бақылау құралдарымен танысты.
Qazindustry комплаенс-қызметтерінің қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, мүдделер қақтығысын шешуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен этикалық нормалардың сақталуын бақылауға бағытталған. Жалпы әлемдік тәжірибе шеңберінде комплаенс жүйесінің болуы компанияның жауапты және ашық қызметінің көрсеткіші болып табылады