28 қыркүйекте Алматыда Central Asia Plast World пластмасса және полимерлер индустриясының халықаралық көрмесі аясында QazIndustry өкілдері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша кәсіпкерлермен кездесу өткізеді. Сарапшылар кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарыққа ілгерілету шығындарының бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы ақпарат беріп, дұрыс өтінім беру жолдарын түсіндіретін болады.
Кездесу Сағат 10.00-де басталады: Алматы қаласы, "Атакент" көрме орталығы. Іс-шараға келіп өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толық ақпарат алыңыздар!