Ағымдағы жылғы 26 қыркүйекте елордада «Индустрия 4.0: ақылды өнеркәсіптік өндірістің озық тәжірибелері» тақырыбында халықаралық «Цифрлық трансформация» іс-шарасы өтті. Шараны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Ресейдің «Цифрлық экономика» АНО-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Сарапшылар өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрлық трансформациялаудың маңыздылығы туралы айтты. Оның ішінде тау-кен металлургия кешенін, машина жасау және өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Цифрлық трансформация іс-шарасына Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік секторларының өкілдері, IDS Metra Robotics технологиялық компаниялары, «1С» Фирма», «СИБУР-Диджитал» ЖШҚ, «Green Mind» ЖШС, «Цифра» МК және тағы басқалар қатысты.
Іс-шара модераторларының бірі - "QazIndustry" АҚ Цифрлық трансформация дирекциясының басшысы Алмас Мұқашев атап өткендей, Қазақстанда цифрлық трансформацияға және Индустрия 4.0 технологияларын енгізуге ерекше назар аударылуда.
«Бүгінгі іс-шара көрші елдер мен компаниялар арасында тәжірибе мен білім алмасудың бірегей мүмкіндігі болып отыр. Бүгінгі алаңға әлемдік деңгейдегі озық технологияларды талқылау үшін саланың үздік сарапшылары мен өкілдері жиналып отыр», - деді спикер.
А. Мұқашев цифрлық трансформацияға қатысушыларды өнеркәсіптің дамуына ықпал ететін және серіктес елдердің экономикасын орнықты ететін бірлескен цифрлық жобалар жасауға шақырды.
Пленарлық пікір алмасу барысында сарапшылар өнеркәсіпті роботтандыру мәселелерін талқылап, ТМК мен мұнай-газ секторындағы цифрлық өндірістік кейстерімен және жаңа IT-шешімдерімен бөлісті.
Кездесуге қатысушылар тәжірибе алмасудың мұндай форматын сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, жаңа өткізу нарықтарын ашу, серіктестер іздеу үшін өте пайдалы және перспективалы алаң деп атады.
Іс-шараның практикалық бөлігінің нәтижесі ретінде өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау бойынша өзекті мәселелердің, сондай-ақ өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау бойынша пилоттық жобаларды іске асыру жөніндегі тізім жасақталды.