«Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы Қазақстандық Автоматтандыру және робототехника қауымдастығымен (KAAR), сондай-ақ өнеркәсіптік робототехника саласындағы әлемдік көшбасшы – KUKA компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Стратегиялық әріптестіктің негізгі мақсаты өнеркәсіптік робототехниканы пайдаланатын және енгізетін қазақстандық кәсіпорындардың үлесін арттыруға жәрдемдесу болып табылады.
Меморандум барлық саладағы кәсіпорындар арасында өнеркәсіптік робототехниканы ілгерілетуге және насихаттауға бағытталған іс-шаралар мен бастамалардың кең спектрін көздейді.
«Біз Қазақстандық Автоматтандыру және робототехника қауымдастығымен және KUKA компаниясымен ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз. Бұл серіктестік бізге отандық кәсіпорындарға инновациялық шешімдерді енгізуге және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ұмтылуда бірлесіп қолдауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «QazIndustry» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдан Битанов.
Өз кезегінде KAAR президенті Владимир Төреханов тараптардың бірлескен жұмысы отандық кәсіпорындарда өнеркәсіптік роботтарды пайдалануды ұлғайту жөніндегі маңызды жоспарларды іске асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.