Ағымдағы жылдың 28-30 қыркүйек аралығында Алматыда Central Asia Plastt World пластмасса және полимерлер индустриясының халықаралық көрмесі өтті. Көрмеде Қазақстан, Ресей, Германия, Италия, Иран, Австрия, Түркия, Тайвань, Үндістан және басқа елдердің компаниялары өз өнімдерін ұсынды.
Көрме аясында QazIndustry сарапшыларының Алматы қаласының бизнес-қоғамдастығымен кездесуі өтті. Кездесуде Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев қатысушыларға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді.
Сондай-ақ, QazIndustry өкілдері өңірдің бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарына барды. Атап айтқанда, «Керуен плюс» ЖШС, «Интеллсервис», «БЕНТ», «Алматы вентелятор зауыты», «KazinergoPaurs», «Premix» ЖШС, «SB Printpack», «ALMATY TURMYSTYQ TEHNIKA ZAVODY».