2023 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында дизель локомотивтерінің өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге өсті. Осы кезеңде 51 локомотив шығарылды. Мұндай өсім сұраныстың артуына және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ меншікті локомотивтер паркінің жаңаруына байланысты болып отыр.
Ел аумағында тартқыш жылжымалы құрамның өндірушілері «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ және «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС болып табылады.