«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 арналған оқыту вебинарлары аяқталуда.
Қыркүйек айында өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері мен топ-менеджерлеріне арналған төрт вебинар өткізілді. Аталмыш вебинарлардың гегізгі спикерлері ретінде өндірістерді цифрлық трансформациялау саласындағы IT-сарапшылар болды.
Өткізілген семинарлар барысында қатысушылар «Индустрия 4.0 неміс тұжырымдамасының мәні», «Айналмалы өнеркәсіптік жабдықтардың жай-күйін нұсқамалық диагностикалау бойынша шешімдер», «Инновациялық дамудың драйвері ретінде өндірістің цифрлық егізі», «Өнеркәсіптік роботтарды енгізу неден басталады» деген сияқты өзекті тақырыптарды қарастырды. Тыңдаушылар өндіріске жаңа технологияларды енгізудің практикалық мәселелерін талқылап, жеке тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар жазбалары QazIndustry ресми youtube арнасында қол жетімді: https://www.youtube.com/@QazIndustry/videos?view=0&sort=dd&shelf_id=0.
Соңғы екі вебинар келесі күндері өтеді:
- 6 қазан, жұма күні (сағат 15: 00 - де) – «Өндіріс. Тапсырыс бойынша»: DDT(Demand – driven techniques) – ағымдағы сұранысқа негізделген техникалар» тақырыбында;
- 9 қазан, дүйсенбіде (сағат 15: 00 - де) - «Өндірістік активтерді тиімді басқару әдістері» тақырыбында.
Қатысушылар цифрлық өнімдерді өндірістік ортаға енгізудің практикалық тәжірибесін игере алады. Спикерлер іске асырылған жобаларды және цифрлық шешімдерді енгізуден алынатын әсерді көрсетеді.
Вебинарларға тіркелу үшін келесі сілтеме бойынша нысанды толтыру қажет: https://forms.gle/BGkmvKbwXnh4mxon6.