QazIndustry өкілдері Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының өнеркәсіптік кәсіпорындарына барды.

28-31 тамыз аралығында "Qazindustry" АҚ өкілдері Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары "ВФ Поиск" ЖШС, "SMB group Family" ЖШС және Ақмола "Astana Ceramic" ЖШС барды. Сапардың мақсаты технологиялық процестерді цифрландыру стратегиясына ұсыныстар әзірлеу болды.

Сапар қорытындысы бойынша сарапшылар кәсіпорындардың  жай-күйіне және оларды даму деңгейіне талдау жүргізіп, цифрлық жол карталарын іске асыру және отандық цифрлық шешімдер пулын қалыптастыру мәселелерін күн тәртібіне қойды.