Qazindustry өкілі мемлекеттік ынталандыру шараларының негізгі шарттарын түсіндіру мақсатында өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды.
Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев «Альянс МТС» ЖШС өндірісті ұйымдастыру жұмыстарымен танысып, мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша кеңес берді.
«Альянс МТС» қабырға материалдарын шығарады және Астана мен Ақмола облысындағы автоклавты ұялы бетон (газоблоктар) өндірушілерінің бірі болып табылады. Кәсіпорын 2006 жылы құрылған. Құрылған уақыттан кейін бір жылдың ішінде кәсіпорын өзін жоғары сапалы газ блоктарын өндіруші және құрылыста сенімді серіктес ретінде таныта білді.
Кәсіпорынның технологиялық желісі тәулігіне 500 текше метр автоклавты ұялы бетон өндіруге мүмкіндік береді. Зауыт жылына 150 мың текше метрге дейін өнім өндіруге қабілетті.
«Альянс МТС» Қазақстанның құрылыс нарығында ерекше орын алады. Зауыт өнімдері салада ең сұранысқа ие өнімдердің бірі болып табылады.
Кәсіпорын өкілдеріне мемлекеттік ынталандыру мәселелері бойынша кеңес беріліп, толығырақ ақпарат алу үшін әр бейсенбіде QazIndustry ғимаратында (Қабанбай батыр көшесі, 17) өткізілетін Ашық есік күніне шақырылды.