2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы отандық кәсіпорындардың 471,4 млн теңгеге шығындарының бір бөлігін өтеді. Өтелген қаржының негізгі бөлігі еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған (462,6 млн теңге). Сонымен қатар, 8,8 млн теңгеге өнімдер мен қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған кәсіпорындардың шығындары өтелді.
Аталмыш кезеңде QazIndustry – ге кәсіпорындардан шығындарының бір бөлігін өтеу үшін барлығы 371 өтінім келіп түскен. Оның ішінде еңбек өнімділігін арттыруға 249 өтінім және тауарларды ішкі нарыққа ілгерілету бойынша 122 өтінім түскен.
Өңірлік бөліністе бірінші бағыт бойынша өтінімдердің ең көп саны республикалық маңызы бар үш қала Алматы (49), Астана (48) және Шымкент (42) кәсіпорындарына тиесілі. Салалық бөліністе машина жасау (72), агроөнеркәсіптік кешен (51) және жеңіл өнеркәсіп (33) кәсіпорындары жатады.
Екінші бағыт бойынша өтінімдер бойынша көшбасшы өңірлердің қатарында Алматы қаласы (29), Қарағанды (17) және Солтүстік Қазақстан (14) облыстары болып отыр. Салалық бөліністе жеңіл өнеркәсіп (47) және машина жасау (40) кәсіпорындары өнімді ілгерілету шығындарының бір бөлігін өтеуге ең көп өтінімдер жіберген.
Сонымен қатар, QazIndustry есептік кезеңде мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша телефон арқылы 450-ден астам кеңес беріп, 20 ашық есік күндері және кәсіпорын өкілдерімен кездесулер өткізді. Ынталандыру шараларын түсіндіру бойынша әр түрлі деңгейдегі 14 конференция мен форумдарға қатысып, еліміздің түрлі өңірлерінде 15 семинар-кеңес ұйымдастырды.
Айта кететіні, осындай мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдаланған кәсіпорындардың табысты кейстері QazIndustry ресми сайтында тұрақты түрде жарияланып отырады. https://qazindustry.gov.kz/ru/articles/uspeshnye-istorii сілтемесі арқылы отандық кәсіпорындардың шығындарының бір бөлігін әртүрлі бағыттағы өтеу мысалдарымен танысуға болады.
Аталмыш жарияланымдардың кейіпкері Сіздің кәсіпорныңыз да болуы мүмкін!