Электротехникалық кәсіпорындарға қолдау шаралары ұсынылды

QazIndustry өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру мақсатында кәсіпорындарды аралауды жалғастыруда. Бұл жолы Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының өкілдері екі елордалық зауытқа барды.

Бірінші барған кәсіпорын Астана электротехникалық зауыты (АЭЗ) болды. Зауыт электротехникалық өнімдерді - толық трансформаторлық қосалқы станцияларды, тарату құрылғыларын, күштік және өлшеу трансформаторларын, коммутациялық аппараттарды, КРУ шкафтарын және басқа да электр жабдықтарын шығаруға, сатуға және орнатуға маманданған. Кәсіпорын 2009 жылы құрылған. Өнімдер негізінен Қазақстанның өңірлеріне жөнелтіледі және ТМД елдеріне экспортталады.

Олардың ішінде, негізгі мақсаты кернеуді алу, оны азайту немесе арттыру, сондай - ақ энергияны жабдықтау жүйелері бойынша бөлу болып табылатын трансформаторлық қосалқы станциялар. АЭЗ трансформаторлық қосалқы станциялары коммуналдық, ауылдық және өнеркәсіптік электрмен жабдықтау жүйелерінде қолданылады.

Екінші нысан – «Digital System Servis» компаниясы. Бұл Қазақстандағы ведомстволық және корпоративтік байланыс желілеріне арналған жабдықтар бойынша Mitel телекоммуникация нарығындағы әлемдік көшбасшының жалғыз серіктесі. Кәсіпорын 10 жылдан бері жұмыс істейді. Компанияның жергілікті телефон байланысы, IP телефония, интернет желісіне қол жеткізу және деректерді беру қызметтерін ұсынатын оператор лицензиясы бар.

Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А. Сағиев кәсіпорын өкілдеріне мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы айтып, өнімділікті арттыру және өнімді ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу тетіктерін ұсынды. Кәсіпорын иелері мен топ-менеджерлері бұл мүмкіндікке қызығушылық танытты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта кәсіпорындармен жеке түрде жалғасатын болады.

 

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорындар QAZINDUSTRY-ге мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша кеңес алу үшін әр бейсенбі күні ұйымдастырылатын Ашық есік күндеріне келе алады. Сондай ақ, https://qazindustry.gov.kz/ru/business_support сілтемесі арқылы бизнесті ынталандыру шарттары туралы ақпарат алуға болады.