Ағымдағы жылдың 12-13 қазан күндері «Qazindustry» АҚ өкілдері Қарағанды облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары – «Автоматические котлы» ЖШС және «SUNPAPER» ЖШС-на барады.
Сапардың мақсаты технологиялық процестерді цифрландыру стратегиясы үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағымдағы жай-күйін талдауды, жаңғырту процесінің егжей-тегжейлі сипаттамасын, отандық цифрлық шешімдер пулын, цифрлық жол карталарын, сондай-ақ мемлекеттік ынталандыру құралдарының қолданыстағы шараларын түсіндіруді қамтиды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Qazindustry» АҚ Цифрлық трансформация дирекциясы бейінді министрліктің қолдауымен өнеркәсіптік кәсіпорындарда IT - шешімдерді енгізу арқылы өнеркәсіптік сектордың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға бағытталған пилоттық жобаларды енгізу бойынша жаңа бастаманың іске қосылғаны туралы хабарлаған болатын.