Шығындардың бір бөлігін өтеуге 249 өтінім түсті, оның ішінде:
- 41 өтінім бойынша өтеу туралы шешім қабылданды (2022 жылы мақұлданған 1 өтінімді ескере отырып);
- 113 өтінім бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің мүмкін еместігі туралы шешім қабылданды.
- 67 бойынша толық емес өтінім
- 29 өтінім жұмыс барысында
Өтеудің жалпы сомасы 462,6 млн. теңгені құрайды.
Ақпараттық-кеңестік іс-шаралар шеңберінде 2023 жылы қаңтар-қыркүйек айында:
- өндірістік-инновациялық қызмет субъектілеріне (кіріс телефон қоңыраулары) еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша 451 ауызша консультация өткізілді;
- «QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру бойынша 20 іс-шара өткізілді (Ашық есік күндері, өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен бастамашыл кездесулер) және 14 іс-шараға қатысты ( конференциялар мен форумдар).
- «QazIndustry» АҚ республиканың келесі өңірлерінде: Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары мен Астана, Шымкент және Алматы қалаларында өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін қоғам көрсететін «өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбына 15 семинар-кеңес ұйымдастырды;
Бұдан басқа, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, Маңғыстау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Батыс Қазақстан облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Қазақстанның фармацевттік және медициналық өнім өндірушілер қауымдасты» заңды тұлғалар бірлестігі, Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы, АЭА «Qyzylzhar», «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ - мен бірлесіп Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан Қарағанды, Абай, Алматы, Жетісу, Шығыс-Қазақстан, Солтүстік – Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Атырау және Түркістан облыстарының және Астана, Алматы қалаларының өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін 26 вебинарлар өткізілді.
Мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша құрылған WhatsApp (277 қатысушы), Telegram (623 қатысушы) мессенджерлеріндегі чаттарда консультация беру бойынша жұмыс жалғасуда, онда бизнес өкілдері тұрақты және жедел негізде сұрақ/жауап режимінде егжей-тегжейлі консультация алады.