Жеңіл өнеркәсіп саласына 11,4 млрд теңге инвестиция тартылды

2023 жылдың 9 айында жеңіл өнеркәсіп саласындағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2,5 есеге өсіп, 11,4 млрд теңгені құрады.

Инвестициялардың өсуі саланың барлық секторларында болды. Атап айтар болсақ, тоқыма бұйымдарын өндіруде - 2,8 есе, былғары және оған қатысты өнімдер - 2,6 есе, киім - 24,6 %-ға өскен.

Тоқыма бұйымдары секторындағы инвестициялардың өсуі келесі өңірлерде байқалады: Түркістан облысында (480,8 млн теңгеден 3 528,7 млн теңгеге дейін), Астана қаласында (1 173,5 млн теңге) және Жамбыл облысында (1 513 млн теңге).

Киім өндіру секторында инвестициялардың өсуі мынадай өңірлерде байқалады: Түркістан облысында (8,6 млн теңгеден 194,1 млн теңгеге дейін), Алматы қаласында (14,4 млн теңгеден 49,5 млн теңгеге дейін), Абай облысында (11,2 млн теңгеден 74,7 млн теңгеге дейін) және ШҚО-да (0,7 млн теңгеден 15,1 млн теңгеге дейін).

Былғары және оған қатысты өнімдер өндірісінде инвестициялардың өсуі Алматы облысында байқалады (1,5 млн теңгеден 52,9 млн теңгеге дейін).

2023 жылдың 9 айындағы жеңіл өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар, млн теңге (2022 жылдың 9 айымен салыстырғанда)

 

қаңтар-қыркүйек

2022 ж.

Қаңтар-қыркүйек

2023 ж.

өсім/төмендеу

Тоқыма бұйымдарын өндіру

3 603

10 154,5

2,8 есе

Киім өндірісі

923,6

1 150,7

24,6%

Былғары және оған жататын өнімдер өндірісі

25,4

64,8

2,6 есе

Барлығы

4 552

11 370

2,5 есе

Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК