Құрметті отандастар!
Сіздерді Ұлттық мереке - Республика күнімен құттықтаймыз!
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл мереке Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығы туралы қағидаларды айқындайды. Осы күннен бастап еліміз өзінің конституциялық дамуына бағыт алып, жарқын болашаққа қадам басты.
Баршаңызға зор денсаулық, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілейміз! Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, гүлдене берсін!
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ