Кәсіпкерлердің назарына!

Ресми сайтта техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2023 жылғы 28 қазаннан бастап www.qazindustry.gov.kz порталы арқылы еңбек өнімділігін арттыруға және отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға өтінімдерді қабылдау уақытша тоқтатылады.

Өтінімдер Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы, 5 қабат, 502 кабинет мекенжайында орналасқан "QazIndustry"АҚ кеңсесі арқылы қағаз жеткізгіште қабылданатынын хабарлаймыз.

Қосымша ақпаратты 79-33-90 (ішкі нөмірлер: 1059, 1071, 1054) байланыс телефоны арқылы алуға болады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!