2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша отандық кәсіпорындар 1 млн км-ден астам кабель өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе көп.
Қазақстандағы кабельдік-өткізгіш өнімдердің негізгі өндірушілері «Kazcentrelectroprovod», «Ақнұр Кабель», «Евразкабель», «Электрокомплект», «Қазэнергокабель» және тағы басқа кәсіпорындар болып табылады.