2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 139,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылғы ұқсас кезең деңгейінен 25% - ға жоғары. Өсім аталмыш бағыттың барлық ішкі салаларында байқалады: мысалы, тоқыма бұйымдары өндірісінде 31%-ға, киім өндірісінде 19,7%-ға, сондай-ақ былғары және оған қатысты өнімдер өндірісінде 11,4%-ға.
Аталмыш кезеңде саладағы өнімінің нақты көлемінің индексі(НҚИ) - 114,6% құрады. Мәселен, тоқыма бұйымдары өндірісінің нақты көлем индексі өсім көрсетіп, 127,4 пайызға тең. Сондай-ақ, ең жоғары НҚИ өсім келесі тауарларға тиесілі: кілемдер мен едендік тоқыма жабындары - 25,8 есе, талшықтардан жасалған мақта - мата иірілген жіп - 4,7 есе, түкті және өзге де арнайы маталар-5,2 есе, тоқыма емес материалдар және киімнен басқа тоқыма емес материалдардан жасалған бұйымдар - 4,3 есе, киім-кешек төсек жабдықтары - 5,7 есе.
Жеңіл өнеркәсіп өнімінің экспорты 2023 жылғы қаңтар-тамызда $107,6 млн құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңнен 93,8% - ға артық. Атап айтқанда, экспорттық жеткізілімдер бойынша киім - 4 есе, былғары және оған қатысты өнімдер - 2,8 есе артқан.
2023 жылғы қаңтар-тамызда жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі $3 085 млн құрады.
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары елімізде негізінен бес өңірде шоғырланған: Шымкент қаласы, Түркістан облысы, Алматы қаласы, Алматы және Ақмола облыстары (Республика бойынша өндірістің жалпы көлеміндегі аталмыш өңірлердің үлесі сәйкесінше - 18,8%, 14,3%, 7,9%, 7,5% және 6,8%).