Qazindustry Комплаенс-қызмет орталығының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс сабақтары өтті. Кезекті оқыту дәрісіне акционерлік қоғамның жергілікті қамтуды дамыту және мониторинг жүргізу, АЭА және ИА дамыту, ірі кәсіпорындардың айналасында ШОБ белдеуін құру жөніндегі және бизнесті ынталандыру дирекцияларының мамандары қатысты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырады. Бүгінгі дәріске қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты негізгі терминдер мен анықтамалар түсіндірілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың түрлері және олар үшін қарастырылған жауапкершіліктер туралы айтылды»,- деп атап өтті «Qazindustry» АҚ Комплаенс-қызмет орталығының директоры Қанат Макуш.
Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тоқсан сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шаралары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген 2023 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының талаптарын орындау аясында ұйымдастырылып келеді.