Qazindustry өкілдері Атырау қаласындағы «Теплый дом Атырау» ЖШС-на барды. Кәсіпорын «Теплофасад» брендімен қасбеттік термоплиталардың сертификатталған отандық өндірушісі және бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі.
2012 жылдан бері өз қызметін жүргізіп келе жатқан «Теплый дом Атырау» ЖШС қасбеттік термоплиталардан басқа, пенопласт парағы, гиперпресстелген қаптамалы кірпіш, жиһаз қасбеттері, сәндік элементтер, қабырға және шатыр сэндвич-панельдерін өндірумен айналысады.
Qazindustry өкілдері жылу қасбеттік плиталардың инновациялық модельдерінің өндірісімен танысты. Мұндай плиталар қабырғаларға қарапайым және тиімді орнатуды қамтамасыз ететін бірегей бекіткіш жүйеге ие. Бұл технологиялық әзірлемелер патенттелген.
Qazindustry өкілдерінің аталмыш кәсіпорынға барудағы негізгі мақсаты жүргізіліп жатқан технологиялық жұмыстарға аудит жасап, цифрлық трансформация бойынша ұсынымдар әзірлеу. Бұл кәсіпорынның өндірістік процестерін жақсарту және бизнестің тиімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды енгізуге деген ұмтылысын көрсетеді.
Кездесуде зауытты дамытудағы цифрлық технологиялардың рөлі сөз болды. Кәсіпорын басшылығы заманауи өнеркәсіптегі инновациялар мен цифрландырудың маңыздылығын толық түсінетіндіктерін жеткізді. Оларға цифрлық шешімдерді енгізу жоспарлардың тез орындалуын әрі нарық жағдайында бәсекеге қабілеттілік пен тұрақтылықты арттырудың негізгі факторы ретінде екендігі түсіндірілді. Цифрлық трансформация кәсіпорынға өз саласының көшбасшысы ретіндегі қалыптасуға зор мүмкіндік береді.
Qazindusrty сарапшылары мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы айтып, кәсіпорынға өз шығындарын өтеу мүмкіндігін пайдалануды ұсынды. Компанияға стратегиялық мақсаттарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін мемлекеттік құралдар ұсынылды.