Ағымдағы жылдың 16 қарашасы күні өткен «Қазақстандық қамту 2.0» халықаралық форумы аясында «QazIndustry» АҚ қолдауымен жер қойнауын пайдаланушылар мен отандық өндірушілер арасында 58,9 млрд теңгеге меморандумдар мен ұзақ мерзімді шарттар және офтейк-келісімшарттар жасалды.
Атылмыш келісімдер мен шарттарға қол қойылуы жарты жылдағы QazIndustry тарапынан атқарылған жұмыстардың жемісті нәтижесі болып отыр. Ағымдағы жылдың 13 шілдесі Астанада индустрия министрінің қатысуымен ірі тапсырыс берушілермен және өндірушілермен кеңес өткізіліп, оның қорытындысы бойынша 2020-2022 жылдар кезеңінде жер қойнауын пайдаланушылардың ұлттық компаниялардың сатып алуларында жыл сайын импортталатын тауарлардың тізбесі қалыптастырылды. Импортталатын 8697 тауар позициясы бойынша офтейк-келісімшарттар және жер қойнауын пайдаланушылармен ұзақ мерзімді шарттар жасасуға дайын 35 әлеуетті өндірушілермен жұмыс жүргізілді.
QazIndustry көмегімен импортталатын тауарлардың тізбесін талқылау бойынша 20-дан астам кеңес өткізілді, сондай-ақ шарттар жасасуға қызығушылықты арттыру мақсатында 8 өңірдегі 27 кәсіпорынның базаларына көшпелі турлар ұйымдастырылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ҚР Премьер-Министрінің, министрлердің және ірі кәсіпорын басшыларының қатысуымен өткен форум аясында бірқатар шарттар жасалды.
«KAZ Minerals» өкілдері «ПК ДАРС» ЖШС және «ТаразКожОбувь» ЖШС арасында 3,2 млрд теңгеге офтейк-келісімшарттар жасасты.
«Казцинк» ЖШС «ProLuxLed» ЖШС-мен 132,5 млн теңгеге офтейк-келісімшарт және «Техбытсервис» ЖШС-мен өндірістік мақсаттағы тауарларды және жеке қорғаныс құралдары жеткізуге 18,5 млрд теңгеге ұзақ мерзімді меморандум жасасты.
«Еуразиялық Топ» ЖШС «Каспий плюс» және «Saryopan Operating» ЖШС-мен 9,1 млрд теңгеге ұзақ мерзімді шарттар жасасты.
«Қазақмыс» корпорациясы «Искра сервис плюс» ЖШС-мен және «PES GLOBAL» - мен 28 млрд теңгеге меморандумдар жасасты.
Осы орайда QazIndustry жұмысының практикалық нәтижесі ретінде қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға және ішкі құн үлесін арттыруға бағытталған екі жақсы келісімдер жасалынды.
QazIndustry тұрақты түрде кәсіпорындар мен ірі тапсырыс берушілер арасында ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасуға жәрдемдесу бойынша жұмыс жүргізеді, өндіріс орындарына бірлескен көшпелі турларды ұйымдастырады.
Бұл формат тапсырыс берушілер (ірі операторлар) мен отандық өндірушілер арасындағы іскерлік және сенімді әріптестік қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.