Qazindustry өкілдері мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру мақсатында «Таскілем» ЖШС барды. «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев өндіріс процесімен танысып, түрлі мәселелер бойынша кеңес берді.
Зауыт неміс жабдықтарында және «Masa Mascinenfabrik GmbН&Co.KG» компаниясының неміс технологиясымен бетон бұйымдарын шығарады. Бұл технологияның артықшылығы – оның құрамына ұсақтау және сүзгілеу құрылғысы кіреді. Мұнда шикізатты өңдеу барысында қоспалардан тазарту, ұсақтау бөлу жұмыстары қамтылған.
Сонымен қатар, бүкіл технологиялық процесс автоматты түрде басқарылады және неміс компьютерлік бағдарламаларында жұмыс істейді. Бұл еуропалық сапалы өнімдерді жасауға мүмкіндік береді.
Қазір зауытта қолданылатын бетон бұйымдарының нығайтылған сәндік беткі қабаты бар қос жартылай құрғақ престеу технологиясы әлемдегі ең заманауи болып табылады.
Кәсіпорын технологиялық автоматтандыру желісімен жабдықталған: бетон борттық, қабырғалық, сәндік, тротуар тастарын жасауға арналған тас дайындау желісі және алаңдар мен бульварларды абаттандырудан бастап ғимараттардың қасбеттерін безендіруге дейінгі үлкен пайдалану спектрі бар қасбеттік және тротуар плиталарын жасап шығарады.
Естеріңізге сала кетейік, аптаның әр бейсенбі күні Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы, 4-қабат (сағ.9.00-17.30 дейін; түскі үзіліс 12.30-14.00) мекенжайындағы QazIndustry кеңсесінде өнеркәсіптік кәсіпорындар мемлекеттік ынталандыру мәселелері бойынша мамандардан жеке консультациялар ала алады.
Кеңес беру үшін оnline форматта қарастырылған. Барлық қосымша сұрақтар бойынша +7 778 171 24 66, +7 708 554 83 37. байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.