2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ҚР тау-кен металлургия кешенінде (ТМК) өндіріс көлемі 8,7 трлн теңгені құрады.
Металлургия өнеркәсібі өндірісінің құрылымында негізгі үлес түсті металлургияға тиесілі - 4,1 трлн теңге, қара металлургиядағы өндіріс 1,9 трлн теңгені құрады. Металл кендерін өндіруде негізгі үлесті түсті кендерді өндіру алады - 2,3 трлн теңге, қалғаны темір кендерін өндіруге - 0,38 трлн теңге.
Есепті кезеңде $ 8,5 млрд металлургиялық өнім экспортталды (қара металлургия - $ 2,9 млрд, түсті - $ 5,5 млрд). Қаржылық мәнде экспорттық негізгі көлем мыс (26%), ферроқорытпалар (19%) және уранға (18%) тиесілі.
Қаңтар-тамыз айларында ҚР-дағы металлургия өнеркәсібі нарығының көлемі $ 5,9 млрд құрады, онда ОТӨ үлесі 58%, импорттық өнімнің үлесі 42% келеді.
Сала жоғары аумақтық шоғырланумен сипатталады. Бұл негізінен үш өңір: Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары (тиісінше 21%, 18,6% және 14,5%).