2023 жылдың қаңтар-қазан айларында химия саласында 784,2 млрд теңгеге өнім өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4% - ға жоғары.
Заттай көріністегі өндіріс көлемінің үлкен өсімін көмірқышқыл газы (+6%), этил спирті (+10,9%), жуғыш заттар (+32,9%), бастапқы нысандардағы полиуретандар (+16,2%), гипохлориттер (+4%) көрсетіп отыр. Өндірілген өнім көлемінің өсуінің негізгі себебі саладағы тұтынушылық сұраныстың артуы болып отыр (сусындар өндірісі, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылық, құрылыс және т.б.).
Химиялық өнім өндірісінде негізгі үлесті өзге бейорганикалық заттар - 46%, тыңайтқыштар мен құрамында азот бар заттар - 18,2%, өзге химиялық өнімдер - 7,3%, бояғыштар мен пигменттер - 6,4%, өнеркәсіптік газдар - 5%, бастапқы нысандардағы пластмассалар - 3,9%, пестицидтер және өзге де агрохимия - 3,1% құрайды.
Аталмыш кезеңдегі нақты көлем индексі 100,9% құрады.
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте қаржылық мәндегі химиялық өнімнің экспорты $ 1 367 млн құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,8% - ға артық.
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте химиялық өнім түрлері нарығының көлемі $ 3 901,9 млн (1 767,1 млрд теңге) құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 15,1% - ға артық. Өндіріс (+9,5%) және экспорт (+6,8%) көрсеткіштерінің өсім көрсетіп отырғанын атап өту керек.
Қаңтар-қазан айларында химиялық өнім түрлерін өндірудің ең көп көлемі Жамбыл (29,8%), Шығыс Қазақстан (21,9%), Ақтөбе (8,5%), Қарағанды (7,3%), Ақмола (5,9%), Павлодар (5,7%) және Маңғыстау (4%) облыстарында байқалады.