Еуразиялық экономикалық комиссия 11 желтоқсанда (басталуы - сағат 14.00) Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіптік кооперацияны қаржылық қолдау тетігінің таныстырылымын өткізеді.
Іс-шараға қатысуға Еуразиялық экономикалық одақ бойынша әріптестермен кооперациялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, салалық бірлестіктердің, қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өңірлік билік органдарының өкілдері шақырылады.
Кездесуге қатысушыларға қаржылық қолдау алу үшін кооперациялық жобаның қандай критерийлерге сәйкес келуі керектігі, қарыз алушылар мен қаржы ұйымдары үшін қандай талаптар қойылатыны туралы түсіндірілетін болады.
Қаржыландыру тетігін іске асыру туралы сұрақтарға жаңа тетікті әзірлеуге және енгізуге жауапты Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі Артак Камалян жауап береді.
Іс-шара бейнеконференция режимінде өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 26 қазанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу және оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсету туралы ережені бекітті.
Қосымша ақпарат алу үшін және кездесуге қосылу үшін сілтеме сұрақтары бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіптік саясат департаментіне, Елена Игоревна Астапьеваға +7 (495) 669 24 00 (доб. 4878) байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.
Іс-шараға қатысуды astapeva@eecommission.org электрондық пошта арқылы растауға болады.