Қазақстанда 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру көлемі 367,7 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 10,9% жоғары.
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде негізгі үлесті пластмасса плиталар, табақтар, құбырлар мен профильдер - 43,1%, құрылыс пластик бұйымдары - 19,8%, өзге де пластик бұйымдар - 15,7%, тауарларға арналған пластик қаптамалар - 15%, Өзге де резеңке бұйымдар - 6,3% құрады.
Аталған кезеңдегі нақты көлем индексі 105,5% құрады.
Өндіріс көлемінің заттай көріністегі ең үлкен өсімін тұрмыстық заттар - асхана, ас үй, дәретхана және пластмассадан жасалған өзге де бұйымдар (+0,7%); полиэтиленнен жасалған қаптар мен сөмкелер (конусты қоса алғанда) (+1,6%); Пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер, жеңдер, шлангілер және олардың фитингтері (+4,2%). Бұл тауарлардың өсуі тұтынушылық сұраныстың артуымен байланысты.
Резеңке және пластмасса бұйымдарының экспорты 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе өсіп, $ 276,9 млн құрады.
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте резеңке және пластмасса бұйымдары нарығының көлемі $ 2 325,2 млн (1053,1 млрд теңге) құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 16,8% - ға артық.
Есепті кезеңде резеңке және пластмасса бұйымдарының ең көп көлемі Алматы облысында (22,2%), Астана қаласында (19%), Алматы қаласында (11,6%), Қарағанды облысында (8%) және Шымкент қаласында (5,8%) өндірілді.
Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі өсуде
Қазақстанда 2023 жылғы қаңтар-қазанда резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру көлемі 367,7 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 10,9% - ға жоғары