2023 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда 65 млрд теңгеге жиһаз өндірілді. Бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 24,5% артық.
Қарастырылып отырған кезеңде саланың нақты көлем индексінің көрсеткіші 140,8% құрады. Нақты көлем индексінің артуы ас үй жиһазы өндірісінің 11,8% ұлғаюына байланысты болып отыр.
Жиһаз өнімдерін тұтынудың ішкі нарығы 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша $391,3 млн (177,2 млрд теңге) құрады. Отандық өндірістің үлесі 34,1% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жиһаз өнімдерінің экспорты 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ақшалай түрде 77,2% өсіп, $10,1 млн-ға жетті.
Жиһаз саласы экспортының тауарлық құрылымында негізгі көлем келесі тауарларға тиесілі: металл жиһаз ($3 231,4 мың), ағаш қаңқалы отыруға арналған жиһаз ($1 012,5 мың), ағаш жиһаз ($910,4 мың), мекемелерде пайдаланылатын металл жиһаз ($729,4 мың), ағаш және оның бөліктерінен жасалған жиһаз ($611,3 мың), отыруға арналған жиһаз ($516,2 мың), пластмассадан жасалған жиһаз ($ 492,2 мың), жатын бөлмесінің ағаш түріндегі жиһаз ($ 446 мың), өзге де жиһаз және оның бөліктері ($375,6 мың) және басқалар.