Ағымдағы жылдың 11 қаңтары күні «QazIndustry» АҚ өкілдері Жамбыл облысы Шу қаласында өткен инвестициялық семинарға қатысты.
Іс-шара Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен өтті. QazIndustry атынан Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев қатысты.
Инвестициялық семинарға Жамбыл облысы аудандарының әкімдері, аудандардың кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдерінің басшылары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалдарының өкілдері, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері қатысты.
Семинар-кеңес барысында А. Сағиев өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіріп, кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануға шақырды. Сондай-ақ кездесуге қатысушылардың кәсіпорын шығындарының бір бөлігін өтеуге қатысты сұрақтарына жауап берді.
Іс-сапар аясында QazIndustry өкілі бірнеше кәсіпорында болды. Мысалы, полипропилен тоқылған қаптарды өндіру бойынша «Бірлік-Құрылыс-Жөндеу» ЖШС. Жобаның құны-83,7 млн теңге. «Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорында 39 адам жұмыс істейді.
Сонымен қатар, А. Сағиев Меркі ірімшік зауытында болып, өндіріс технологияларымен танысып, мемелекеттік ынталандыру шараларын алу тетіктерін түсіндірді.
Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry мемелекеттік ынталандыру шараларына өтінімдерді жыл бойы қабылдайды.
Мемлекеттік ынталандыру шараларын алу бойынша қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 79 33 90 (ішкі. 444).