Өткен жылы (қаңтар-желтоқсан) республикада 957,5 млрд теңгеге химиялық өнім өндірілді. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% - ға көп.
Өндіріс көлемінің ең үлкен өсуін көмірқышқыл газы (+3,4%), хром оксиді (+4,3%), фтор қышқылы (+81,6%), стирол полимерлері (+3,4%), бастапқы түрдегі полиуретандар (+17,8%), полимер негізіндегі бояулар мен лактар (+3,8%), жуғыш заттар (+20%) көрсетті.
Химиялық өнім өндірісінде негізгі үлесті өзге бейорганикалық заттар – 46%, тыңайтқыштар мен құрамында азот бар заттар – 19%, өзге химиялық өнімдер – 7%, бояғыштар мен пигменттер – 6%, өнеркәсіптік газдар – 5%, бастапқы нысандардағы пластмассалар – 4%, пестицидтер және өзге де агрохимия – 3% құрады.
Сондай-ақ, Қазақстан $1767,7 млн-ға химиялық өнім экспорттаған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 14,3% - ға жоғары.
Химиялық өнім түрлері нарығының көлемі $4 480,8 млн (2 043,6 млрд теңге) құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% - ға жоғары.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында химиялық өнім өндірісінің ең көп көлемі Жамбыл облысында (30%), ШҚО(21%), Ақтөбе (8%), Қарағанды (8%) және Ақмола 6%) облыстарында байқалды.